Әскери бөлімнен қарумен қашқан сарбаз қамауға алынды

283

Бейресми мәліметтерге сәйкес, әскери қызметкерлер сарбазды тоқтатпақ болғанда, ол оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін көмекке шақыруына тура келген көрінеді.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткен. Сондай-ақ, оның 7 мамырдан 8-іне қараған түні 41433 әскери бөлімнен қашып кеткені анықталды.

Қазіргі уақытта сарбаз қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

“2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің бекітілген қаруымен қысқа мерзімге өз бетінше шығып кету фактісі тіркелді,” – деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Қазақстанда Жеңіс күнін 148 соғыс ардагері қарсы алды
Келесі пост
Су тасқыны салдарынан 5 мың отбасы жарықсыз отыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu