257
Республика бойынша 54 755 адам өз үйлеріне оралды. Ал, 5 291 адам, оның ішінде 2 239 бала эвакуациялау пункттерінде отыр. Оларға тиісті жағдай жасалып, гуманитарлық көмек көрсетілуде. Әсіресе, мамандар әйелдер мен балаларға психологиялық қолдау білдіруде.
Сонымен қатар, 11 205 тұрғын үй мен 3 516 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 19,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,8 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жалпы авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 115 адам, 1 032 техника, 321 су сору құралы және 60 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.