239
Атырау облысының Индербор ауылында үйінді құрылыс телімінде су сору жұмыстары жалғасуда. Мамандар мен еріктілер бар күш-жігерін салып жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ауылды су басу қаупі жоқ. Айта кетейік, бұған дейін жергілікті бақылау бекеті үйінді құрылыс учаскелерінің бірінде судың келуін тіркелген болатын.
Айта кетсек, өткен тәулікте “Қазгидромет” РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша Индер ауданындағы 13 мамыр, сағат 09-00 жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 5 см көтеріліп, 1038 см құрады.