Модернизациядан кейін зағиптар кітапханасының оқырмандар саны 33% ға артты

352

Ерекше жандар үшін білім нәрімен сусындайтын жалғыз орын- сол арнаулы кітапхана. Себебі, жарық дүниенің дидарын көре алмаса да көкірек көздері ашық жандар аз емес. Олардың да оқығысы, білгісі келетіні заңдылық. Сондықтан, үшінші мегаполисте тиісті шаралар жүзеге асырылуда.

Модернизация кітапсүйер қауымға мол мүмкіндік сыйлады десек болады. Конференция залында түрлі форматтағы көлемді іс шаралар ұйымдастырылса, қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов атындағы және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль атындағы зал зағип жандардың кітап оқуына бейімделген.

Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар қажеттіліктеріне қарай өздеріне ұнаған қызықты тарихи, психологиялық, мотивациялық, әдеби кітаптары жиі сұраныста.

Айта кетейік, осыдан біраз жылдар бұрын шаһар басшысы республикадағы үшінші мегаполистің заманға лайықты кітапханасы болуы керектігін, алдағы уақытта қаланың аудандарынан зағиптарға арналған кітапханалар жүйесін ашу мәселесін қарап көретіндерін, ал әзірге жаңғыртудан өткен кітапхана қоры арнайы оқулықтармен байытылып, басқа кітапханаларға таратылатынын жеткізген болатын. Сөзінде тұрды.

Кітаптарды SARA, Oрtelec деп аталатын арнайы зағиптарға арналған оқу машинкаларымен оқиды. Сонымен қатар бүкіл дүние жүзіндегі зағип азаматтар қолданатын Брайльша бедерлі нүктелі кітаптарды  оқып және де дыбыстылған аудио форматтағы   кітаптарды тыңдай алады. Сонымен қатар, келушілерге оқу бұрыштары қойылған және электронды кітап каталогтарымен танысуға мүмкіндік бар. Конференция залдары заманауи техникалармен жабдықталған, интернет байланысымен қамтылған.

Қазіргі таңда, арнайы кітапханадағы кітап қоры 140376  дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық құралдар. Оның ішінде дәл осы кітапханада 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан астам. Кейін кітапхананың оқырман саны  бұрынғы оқырман санынан 33% ға артқан.

Айта кетейік, кітапхана 1969 жылы Қазақ ССР Министрлігі бұйрығымен облыстық қарым – қатынас орталығы ретінде ақпараттар мен алмасу процестерін дамытуға, мәдени өзара байланыстарға көз мүгедектерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға әсер ететін көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана болып ашылған болатын.

Алдыңғы пост
Шымкент: «қамқорлық» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі
Келесі пост
Шымкент мектебінің оқушылары АҚШ-тағы робототехника бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu