237
Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады айып тағылған болатын. Мырзахметов, жәбірленушіден шамамен 14 млрд теңге жымқырған.
“Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов, кінәсін толық мойындап, әділ жаза тағайындауды сұраған.