Полиция департаментінің қызметкерлері жол көлік апатын жасады

291

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы патрульдік полициясының қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады.

Жайт 9 мамырда орын алған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған.

Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, нәтижесінде соқтығысу орын алды деп хабарлады полиция департаменті.

– Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату жолын жаптық. Бұны жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қатысуымен қайғылы салдарды болдырмау үшін жасадық, азаматтардың амандығы үшін, – дейді офицерлер.

Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ер адам жауапқа тартылды.

Автокөлікті ұрлау жайтын Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеуде.

Алдыңғы пост
Абылай Мырзахметов бес жылға сотталды
Келесі пост
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu