Еліміздегі ықпалды әйелдер кімдер?

420

Forbes Woman Kazakhstan 2024 еліміздегі іскер әйелдердің тізімін жариялады. Алғашқы тізімге 110 нәзік жанды кірген болатын. Кейіннен, сарапшылардың бағалауымен 25 ғана іріктелді. Олардың орта жасы 51 де.

Ықпалды деген азаматшаның бірі, 37 жастағы Жанна Ұразбақова. Қорғаушы 12-ші орынға жайғасқан. Ол Салтанат Нүкенованың ісі бойынша танымал болды.

Ең ықпалды әйелдердің қатарынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі Қарлыға Ізбастина да бар. Ол 17-орынға жайғасты. Қарлыға Ізбастина – әкесі Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және бұрын Meerbusch және Kazakhstan Tungsten & Molybdenum Company арқылы бизнес дөңгелетіп отырған.

Сондай-ақ, 18-орынды Lancaster Holding-тің тең құрылтайшысы, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева иеленген.

Үздіктер қатарынан, Мәдениет және ақпарат министрі де көрінді.Аида Балаева 4-орынға жайғасты.

Ал, рейтингті Halyk банкінің басшысы Үміт Шаяхметова бастап тұр.

Ең қызығы, Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ықпалды әйелдер рейтингінде жоқ.

Алдыңғы пост
Apple жаңа iPhone 16 смартфоны сатылымға шықпақ
Келесі пост
«Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu