254
Атыраудағы Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды. Сол маңдағы жергілікті тұрғындар, су бетінде қалқып жүрген денені көріп, бірден полиция департаменті мен төтеншеліктерге хабарлаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар, азаматтың денесін судан алып шықты.
Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17:00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.