Шымкентте 1100-ге жуық жол белгілері орнатылды

Теги: , ,
252

Шымкент көшелерінде жол қозғалысын реттеуге арналған 1100-ге жуық белгі орнатылды.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте бүгінгі таңда автокөлік жолдары 2347 шақырымды құрайды. Яғни, осы асфальт жолдарда көлік қозғалысын реттеуге арналған 290 сигналды бағдаршам мен 13 700 жол белгісі орнатылып, 35 мың шаршы метрден астам жол таңбалары сызылған.

Polisia.kz  жазуынша, қаладағы жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында Шымкент қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қала көшелері мен жол белгілерінің жәй-күйіне көктемдік кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді түзету үшін ( жол белгілерін орнатуға, жол таңбаларын жаңартуға, ойық-шұңқырларды қалпына келтіруге) жергілікті атқарушы органдарға 595 нұсқама берілді. Сәйкесінше, биыл 12 орынға жаяу жүргіншілерге арналған белсенді бағдаршам мен 15 қиылысқа автокөліктерді реттеуге арналған сигналды бағдаршам қойылды.

Бұған қоса, жол қозғалысын реттеуге арналған 1079 белгі орнатылып, 220 жол белгісі қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ жолдарда, құрлыстарда күтіп-ұстау талаптарын дұрыс орындамағаны үшін 59 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Алдыңғы пост
Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды
Келесі пост
Шымкентте фасфуд бағасы 37,9%-ға қымбаттады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu