Су кодексінің жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр

425

Су кодексіне және су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі қосымша іс-шаралар енгізіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, су тасқыны мен құрғақшылықты алдын ала болжау, жоспарлау және жедел ден қою іс-шараларының бірыңғай жүйесін енгізу бойынша жеке тарау дайындалды. Мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралары мен құзыреттері айқындалды.

Сондай-ақ, ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына да өзгерістер енгізіледі. Су тасқынының алдын алу және одан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылып отыр. Су тасқынын болжау мен модельдеуді жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар күшейтілуде.

«Қазіргі уақытта тұжырымдамаға енгізілетін түзетулер басқа мемлекеттік органдармен талқылануда. Сонымен қатар, біз су тасқынына қарсы тиімді күрес тәжірибесі бар мемлекеттердегі әріптестерімізбен үнемі кездесіп, озық шетелдік тәжірибені белсенді зерттеп жатырмыз»,
– деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алдыңғы пост
Экс-полицей үш жастағы қызды зорлаған деген күдікке ілінді
Келесі пост
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu