Қазығұртта жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Теги: , ,
242

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында  жол ережесін өрескел бұзған той кортежі жүргізушісінің бірі анықталды. Полицейлер екінші жүргізушіні іздестіріп жатыр.

Көлік тізгіндегендердің жүгенсіз жол жүрісінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатылған, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көлікті көруге болады.

Облыстық Полиция департаменті видеодағы ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады. Жүргізуші кінәсін толық мойындаған.

Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып,  іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкент тұрғыны көшеде дәрет сындырып, дүкен сатушысына дөрекілік танытқан
Келесі пост
Қазақстанда Абай есімді қанша адам тұрады?  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu