Мамандардың мәліметі бойынша, Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жол жабылған.
“Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр”, – деп хабарланған болатын.
Қазіргі таңда, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, Атырау облысының Құлсары қаласы мен Индер ауданының Индербор ауылында су басқан аумақтардан 95 852 текше метр су сорылды, 16 500 қап және 1 106 тонна инертті материал төселді.
Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.