Президент Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

249

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы Ресей дипломатына ілтипат білдіре отырып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Президент, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, барлық тапсырма стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты форматтағы және интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

Алдыңғы пост
Мейіржан Төребаев түрмеден қысқа мерзімді демалысқа шықты
Келесі пост
Атышулы Айка 6,5 жылға сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu