259
1986 жылы салынған орталық ғимараттағы жабдықтар әбден ескірген. Сондай-ақ орталықта маман тапшы.
Қала әкімі Ерболат Досаев, сейсмологиялық орталықты дамытуға 2 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Сөзінше, бұл еңбекақы қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді.
Сейсмологиялық бақылаулардың республикалық желісі бүкіл ел бойынша 70 станциядан тұрады. Мұнда жер қыртысының қозғалысы 160 түрлі өлшем бойынша бақыланады деп хабарлады stankznews