Украинадан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

178

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Фото:видеодан алынды

Ол 2017-2019 жылдар аралығында Алматыда салынып жатқан үйден пәтер береміндеген сылтаумен азаматтардың жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам мүлкін алдау жолымен иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды. Өткен жылдың қараша айында күдікті Украина аумағында ұсталған.  Яғни, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша украиндық тарап күдіктіні елімізге экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік , былтыр Украинаның қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан-Украина өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шыққанына қарамастан, аталған адамды ұстап беру Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы 2018 жылы Қазақстан Бас прокуратурасы жасаған экстрадициялау туралы шарттың арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар, Астана мен Киев арасында тікелей әуе қатынасы болмағандықтан, іздеуде жүрген адамды Украинадан Молдова мен Түркия арқылы өткізуге тура келді, ол үшін Бас прокуратураға осы елдерден адамдарды өз аумақтары бойынша транзиттік тасымалдауға келісімін алу қажет болды.

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылып отырған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Алдыңғы пост
Алматыдағы сейсмология орталығы 40 жылдай жөндеу көрмеген
Келесі пост
«Реал Мадрид» әлемнің ең қымбат клубы ма? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu