24KZ телеарнасының кешкі жаңалықтар бөлімінің шығарушы-редакторы Наталья Воробьева мен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жүргізуші-модераторы, 24KZ телеарнасының бұрынғы тележүргізушісі Мақпал Дәрібаева әріптестеріне алданып қалған. Яғни, 2016 жылы “Болашақ” бағдарламасына 24KZ телеарнасының бұрынғы тележүргізушісі Валерия Гавриленкоға оқуға түскен. Мәселе осыдан басталған.
Фото: massagetkz
” 2016 жылы Валерия Гаврилиенко “Болашақ” бағдарламасы шетелде оқығысы келіп, өтінім берді. Онда үшеуміз де әріптес болдық. Ол бізге келіп, “2 пәтерді кепілге қойдым, оқудың ақысы жалпы 26 млн теңге болды. Кепілге ақша жетпей тұр. Гарант болыңдаршы” деді. Қаталеспесем, 2 пәтер жалпы 20 млн теңгеге бағаланды. Қалған 6 млн теңгеге гарант боламыз деп шештік. Сондықтан біз келісімімізді бердік. Ересек адамбыз, құжатқа қол қойып, гарант болғанымыз түсінеміз… Біз ешкімнен қашып жүрген жоқпыз. Біз – гарантпыз. Бірақ оқудың ақысын толық төлеуге қарсымыз”, – деді Наталья Воробьева.
Бірақ, әріптестері талаптарды орындамаған. Екі пәтерде кепілден шығарылған. “Болашақ” гарант болған азаматшаларға шағым түсірген. Кейіннен анықтай келе, екі баспанада 2019 жылы кепілден шығарылыпты. Оқудың да ақысы өтелмеген. Валерия Гаврилиенко шетелге қоныс аударыпты. Яғни, оның оқуы үшін 30 млн теңгені Қазақстандық журналистерден талап етуде.
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ баспасөз қызметі бұл жағдайға түсінік берді. Қазіргі таңда, Болашақ” бағдарламасының шетелдерде жүрген, мемлекет алдындағы шарттық міндеттемелерін орындамаған стипендиаттарды қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.