Еліміздің туын “тряпкаға” теңеген тиктокер сотталды

298

Түркістан облысында Қазақстан туын “тряпкаға” теңеген тиктокердің бас бостандығы шектелді. Нақтырақ айтар болсақ, айыпталушы сәуір айында телефонына Сауран ауданы Ибаата ауылындағы орталық көшедегі Туды түсіріп алғаны белгілі болды.

“Ол сол күні TikTok-тағы жеке парақшасына видеоны жариялап, “Жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн” деп жазған”, – делінген сот хабарламасында.

Әлеуметтік желіге тіркелген жандар, жаппай наразылық білдіре бастаған соң аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған. Осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы (“Мемлекеттік рәміздерді қорлау”) бойынша айып тағылды.

Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Кейіннен, азаматтың жазасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді.

Алдыңғы пост
Бишімбаевтың адвокатына қоқан -лоққы жасаған кім?
Келесі пост
Коммуналдық қызметтер бағасын заңсыз көтергендер жазаланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu