Түркістан облысында Қазақстан туын “тряпкаға” теңеген тиктокердің бас бостандығы шектелді. Нақтырақ айтар болсақ, айыпталушы сәуір айында телефонына Сауран ауданы Ибаата ауылындағы орталық көшедегі Туды түсіріп алғаны белгілі болды.
“Ол сол күні TikTok-тағы жеке парақшасына видеоны жариялап, “Жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн” деп жазған”, – делінген сот хабарламасында.
Әлеуметтік желіге тіркелген жандар, жаппай наразылық білдіре бастаған соң аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған. Осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы (“Мемлекеттік рәміздерді қорлау”) бойынша айып тағылды.
Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Кейіннен, азаматтың жазасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді.