Аса ірі көлемде есірткімен 41 жастағы тұрғын қолға түсті

269

Өскеменде  жалға алынған жертөледе зертханалық құрал-жабдықтар, аса ірі көлемде сатуға дайын прекурсорлар мен синтетикалық есірткі заттары анықталды. Бұл туралы ҚР Бас пркуратурасы хабарлады. Аталған заңсыздық, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген арнайы операция барысында әшкере болды.

Прокуратура мен полиция бұл жертөлені бірнеше ай аңдып, бақылаған. Сараптамаға сәйкес 1,4 келі мефедрон, 1,6 тонна химиялық сұйықтық алынды. Сөйтіп, 100 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын өндіруге жол берілмеген. Аса ірі көлемде есірткіні өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті деп танылған 41 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егер оның кәнісі толық дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алдыңғы пост
6 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталды
Келесі пост
17 жастағы азамат суға кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu