Шымкенттік өрт сөндіруші жанып жатқан үй ішінен 50 литрлік газ баллонын алып шықты

Теги: , ,
229

Шымкентте өжет өрт сөндіруші 50 литрлік газ баллонды отқа оранған үй ішінен алып шықты.

«101» басқару пультіне 16 тамызда сағат 14.11-де Қайнарбұлақ саяжайы  Садовая  көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.  Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер аумағы 120 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің шатыры толығымен  жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екендігін анықтаған.

Тез арада №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты  Нұрсұлтан  Абдукадиров  жанып жатқан үй ішінен  50 литрлік газ баллонды  қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Өрт 14.36-да  оқшауланып, 14.54-те сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 11  қызметкері мен 2 бірлік техникасы, апаттар медициналық орталығы филиалының бригадасы  жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

 

Алдыңғы пост
Көбіне офисте отырып жұмыс істейтіндерге арналған 5 кеңес
Келесі пост
Елімізде қаймақ бағасы қанша тұрады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu