Түркістан облысының құтқарушылары суға батқан баланы тапты. Оның денесі Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды. Ол, тыйым салынған жерде шомылған.
ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді.
Айта кетейік, жыл басынан бері ел аумағында 10 астам адам суға кеткен. Оның ішінде балаларда бар. Жалпы былтыр 177 адам қайтыс болған. Соның ішінде 53 бала.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы Теміртау қаласының құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Самарқанд су қоймасының қалалық жағажайының су айдынында жағадан қараған кезде суға батып бара жатқан ер адамды байқады. Құтқарушылар тез арада қайықпен жүзіп, ер адамды құтқарып қалды. Жағаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.