Трамп 136 жылға сотталады ма?

76

Алқабилер оны кінәлі деп таныды. Нью-Йорктегі алқабилер соты елдің экс-президенті Дональд Трампты құжаттарды бұрмалаудың 34 эпизодына кінәлі деп тапты. Есептілікті бұрмалаудың 34 жағдайының әрқайсысы төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, барлығы – 136 жыл екен. Үкім 11 шілдеде жарияланады деп хабарлады sarbaz kz.

Нью-Йорктегі алқабилер соты АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды. 12 алқаби экс-президентті Трамптың 2016 жылғы сайлау науқанының сәттілігіне қауіп төндірген бұрынғы порно актриса Сторми Дэниэлске төлем жасау фактісін жасыру мақсатында іскерлік құжаттарды бұрмалағаны үшін кінәлі деп тапқан.

Сот залынан шыққаннан кейін Дональд Трамп журналистерге алқабилердің үкімі әлі толық күшіне енбегенін айтты.

«Біз күресуді жалғастырамыз, соңына дейін күресеміз және жеңеміз, өйткені біздің ел тозаққа айналды», – деді экс-президент.

Айта кетейік, 4 сәуірде Нью-Йорктегі Манхэттен соты Дональд Трампқа іскерлік құжаттарды бұрмалау мен қылмыстық қастандықтың 34 эпизоды бойынша айып тағылған болатын.

Алдыңғы пост
17 жастағы азамат суға кетті
Келесі пост
Әлемде өлім жазасына кесілгендер саны артты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu