259
Былтыр, әлем бойынша өлім жазасына кесілгендердің саны өскен. Бұл соңғы он жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш болды дейді Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы.
Ұйымның ақпаратына сәйкес, 1153 адам өлім жазасына кесілген. Оның ішінде 853 адам Иранда. Жалпы, өткен жылы әлемнің 16 елінде өлім жазасы орындалған.
Естеріңізде болса, 2021 жылдың 29 желтоқсанында Президент Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінен бұл жазаны алып тастаған болатын. Яғни, өлім жазасына қатысты заңнама бойынша түзетулерге қол қойған еді.