Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайланды

233

Қайрат Боранбаев,  Паралимпиада федерациясы өкілдерінің бірауыз шешімімен қайта сайланған.  Ол өзіне жүктелген міндетпен бөлісіп, алдағы жоспарларымен таныстырды.

“Бұл – мен үшін өте маңызды лауазым. Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асырып жатырмыз. Кейінгі жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, жоспарларымыз көп. Соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға көңіл бөлетін, сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін ел ретінде беделін одан әрі нығайтады”, – деді ол.

Боранбаевтың айтуынша, қазір Париждегі Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Сондай-ақ, кәсіпкер жыл соңына дейін Астанада пара спортшыларға арналған жаңа орталықтың құрылысын бастауға уәде берді. Бқдан бөлек, «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 6 қарашасында Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Қайрат Боранбаевтың бостандыққа шыққанын мәлімдеген. Ақмола облысы Зеренді аудандық соты, бұған дейін 6 жылға сотталып, бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы шешім шығарған болатын. Яғни, ол, пробациялық бақылауға алынған.

Алдыңғы пост
60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды
Келесі пост
Қазақстан футбол құрамасына су жаңа бас жаттықтырушы келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu