60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды

54

Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақ кері қайтарылды. Өйткені, көкеністерден қауіпті вирус табылған.  Нақтырақ айтар болсақ, Түрікменстан Республикасынан 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасынан – 4,2 тонна келген қызанақтан “қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы” анықталған.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1 075 автокөлікке тиелген 15 637,802 тонна қызанақ өнімі әкелінген.

Ал фитосанитария талабына (фитосанитариялық сертификаты жоқ, таңбасы жоқ) сай келмейтін 8 көлікке тиелген 29,522 тонна қызанақ өнімі өз еліне кері қайтарылған.

Сонымен қатар, өнімнің жасырын зарар жұқтырғанын анықтау мақсатында шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік фитосанитария сараптамасы (ПТР) жасалған.

 

Алдыңғы пост
Бюджет қаражатын жымқырғандар темір торға тоғытылды
Келесі пост
Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu