239
Қостанайлық азамат, өз әйелін тұншықтырып, сосын асып қойған. Яғни ерлі-зайыптылардың арасында жанжал соңы адам өлімімен аяқталған. Ашуға булыққан күйеуі электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірген. Қылмысын жасыру мақсатында мәйітті гаражға апарып асып қойған. Яғни, өзіне-өзі қол салғандай көрсетпек болған. Алайда, азаматтың арам ойы жүзеге аспады. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің өлімі мойнының қысылуына байланысты механикалық асфиксия екені белгілі болды.
Осыған байланысты, сот күдіктіні 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, “полиция аға лейтенанты” арнайы шенінен айырылды.
Айта кетейік, ол істеген ісіне өкініп, кінәсін мойындаған.