5 маусым күні түскі сағат 15:00 шамасында Ақтөбе-Орск тасжолында, Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында жол апаты болды. Toyota Alphard көлігі аударылып қалған.
Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, 2023 жылы шамамен 19 мыңға жуық жол көлік апаты тіркелген. Жарақат алғандар саны 16 мыңнан асады. Оның ішінде 3 700-ге жуығы кәмелет жасына толмаған. Ал, 8 400 ден астам адам ауруханаға жатқызылған. Қаза болғандардың саны 2500 жуық адам қайтыс болған.
“Құқықтық комитеттің 2022 жылғы статистикасы бойынша, жол-көлік оқиғаларының 87%-і жүргізуші кінәсінен болған. Әдетте апат жүргізуші жылдамдықты асырып айдағаннан, жаяу жүргінші жолағынан өту ережесін бұзғаннан, жол белгілерінде көрсетілген талаптарға бағынбағаннан болады. Кейде озып айдағаннан, көлікті мас болып айдағаннан болады,”- дейді мамандар.