Астанада “Өзгерістер жолында: жатыр мойны обырын жою үшін АПВ-ға қарсы вакцинациялау саласындағы әйелдердің мықты көшбасшылығы” тақырыбында әйелдер көшбасшыларының форумы өткен.
Форумның басты бағыты — әйелдерді жатыр мойны обырынан адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы қорғау – бұл аурумен күресудің жалғыз дәлелденген әдісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруда. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдердің өлімінің екінші себебі екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді. АПВ-ға қарсы вакцинациялу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет жасалады.