Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған әке жазадан құтылды

191

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық сотында жайсыз әкенің ерсіз әрекеті жабық сот отырысында қаралды. Ұлықбек Смановқа асырап алынған балаларға зорлық көрсетті деп айып тағылды. Оның бұрын соңды созылмалы және психикалық ауруы болған. Сондай-ақ, алты рет үйленіп ажырасқан.

“Бұл әрекеттерді жасаған кезде ол ессіз күйде болған. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығарады. Сот Смановты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасынын тағайындады”, – делінген хабарламада.

Балаларды ұрып соғып, қорлық көрсеткенін біле тұра, араша болмаған жұбайы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады дейді Жаннетта Жазықбаева. Алдағы уақытта міндетті түрде прокуратураға арызданбақ.

Фото:видеодан алынды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жергілікті емші 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін беріп, үш жылдан бері азаптап келгенін айтқан болатынбыз.

Алдыңғы пост
“Жоғарғы сотта оң шешім шығаруға ықпал етемін” деген адвокатқа 150 мың доллар берген қай әкім? 
Келесі пост
Ауыр қылмыс жасап, кәсіркерлерді бопсалағандар қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu