46
«Ямми Маки» дәмханасынан жеткізілген пицца, чикен және сушиді жеген тұрғындардың жағдайы күрт нашарлап, жаппай орталық ауруханаға жеткізілген. Ішінде үшеуінің жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Қалғаны, жұқпалы аурулар бөлімшесінің төсегіне таңылған.
Дәрігерлер, оларға токсикоинфекция диагнозын қойған.
«Бүгінгі таңда 22 науқас токсикалық тағамды инфекция диагнозымен емделіп жатыр. Оларға болжамды жағдай қойылған. Барлығының жағдайы қазіргі уақытқа қалыпты. 22 науқас инфекциялық стационардың оқшауланған палаталарында ем алып жатыр»,-деді Түркістан қалалық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, Мутабар Шерметова.