Германияда өлі табылған әйелдің денесінен пышақ іздері анықталды

261

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылған. Әйелге шабуыл жасалған және ол өзін қорғауға тырысқан көрінеді. BILD Telegram арнасының хабарлауынша, бұл іс бойынша бірде-бір күдікті жоқ екен. А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Қазіргі таңда, Айгүлдің ағасы Қанат Германияда. Ол қарындасын Қазақстанда жерлегісі келеді.

“Біз өте тығыз қарым-қатынаста болдық, уайымдадық. Айгүл әдетте хабарламаларға бес минутта жауап беретін. Ата-анамыз Айгүлмен күн сайын хабарласып тұрды, соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлесті. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. Айгүл өте ашық және жанашыр адам болды. Ол бәрінен де қызын жақсы көрді және сүйікті ана болды. Айгүлдің өліміне кінәлі адам әділ жаза аларына және әділдік орнайтынына сенемін,”- дейді Қанат Сайлыбаев.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады
Келесі пост
Ақтөбеде жүк көлігі өртенді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu