Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап жатыр. Тіпті, ғалымдар әлемде ауыр індеттің тағы бір толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені Ковидтің ХЕС штамы Германияда тіркеліп үлгерген деп хабарлады Ктк телеарнасы.
Коронавирустың жаңа түрін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елінің азаматтарының да жұқтырып үлгерген. Америкалық ғалымдар бұл вирустың бұрынғылардан қауіптірек әрі ол тез жұғатынын айтып отыр. Ғалымдар азаматтарға қазір қолданыста бар вакциналарды ектіріп, алдын ала қамдануға шақырады. Өйткені сырқаттың жаңа түрі, әсіресе қыста өршиді екен.
Ал,отандық дәрігерлер, халыққа алаңдауға неніз жоқ. Өйткені, мезгіл-мезгілімен келетін вирус деп отыр. Ковид ешқайда кетпейді дейді.
«Коронавирустың жаңа штамдары үнемі пайда болып отырады. Біз Ковидтің ешқайда кетпейтінін түсінуіміз керек. Өйткені вирус мутациясымен сипатталады. Яғни мезгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін. Өткен аптада елімізде 25 науқас стационарда медициналық көмекке жүгінген. Біз, бұрынғыдай, халықтан сынама алып, Ковид-19 қоздырғыштарының бар-жоғына зерттеу жүргіздік. Қандай штамм айналымда екенін анықтадық. Әзірше халықтың алаңдауына еш себеп жоқ»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы Роза Қожапова.