239
Грекиядағы өртке қазақстандықтардың қатысы жоқ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады.
“Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған”, – делінген хабарламада.
Грек ақпарат құралдары Қазақстан азаматтарын пәкістандықтармен шатастырып алыпты. Грекияның News Break басылымы яхтаны Қазақстан азаматтары емес, Пәкістан азаматтары жалға алғанын жазды.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің азаматтары Гидра аралында яхта жалдап от шашу ұйымдастырды. Ол орманға түсіп, тік ұшақпен өшіруге тура келгенін жазған болатынбыз.