Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды

Теги:
490

Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан азамат анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде оның экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан деструктивті діни ағымын ұстанатыны белгілі болды. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 153 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Ауа райының қолайсыздығы қорқынышты емес
Келесі пост
20 тонна сыраны Қазақстаннан заңсыз әкетпек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu