Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алған

188

Биылғы жылы 25 598 адам немесе нысаналы топтың 100%-ы кене энцефалитіне қарсы вакцинациялаудан өтті. Жоспарлы вакцинациялауға жұмыстары аурудың табиғи ошақтарында болумен байланысты және аурудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі болып табылатын орманшылар, егерлер, геологтар және аңшылар сияқты адамдар жатады.

Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.

Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92%-ы кене иммуноглобулинін алды деп хабарлады ҚР ДСМ.

Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар.

Кене энцефалитін жұқтыру негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда орын алады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:

1.⁠ ⁠Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.

2.⁠ ⁠Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқ киімді таңдаңыз.

3.⁠ ⁠Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денені кенелердің бар-жоғына мұқият тексеріңіз.

4.⁠ ⁠Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.

5.⁠ ⁠Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін шаққаннан кейінгі алғашқы 4 күнде медициналық ұйымға хабарласу қажет.

Алдыңғы пост
Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтуда
Келесі пост
Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu