Бір жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды

470

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» азаматы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктелуде.

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында «У» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды
Келесі пост
Кәрім Мәсімов кешірім ала алмады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu