Кәрім Мәсімов кешірім ала алмады

275

Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты. Бұл туралы депутат, Абзал Құспан желідегі парақшасында мәлімдеді.

Естеріңізде болса, мемлекетке опасыздық жасағады және билікті басып алуға тырысты деп айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Президенттің атына кешірім беру туралы өтініш жазған болатын.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Алдыңғы пост
Бір жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды
Келесі пост
Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 000 000 теңгеге дейін грант тағайындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu