242
Жаға ұстатарлық жағдай 14 шілде күні Алматыда орын алған. Нақтырақ айтар болсақ, «Green Recycle» ЖШС зауытында қоқысты сұрыптау кезінде ұл баланың денесі табылған. Көкек ана, нәрестені қоқыс пакетіне орап тастаған деп жазылған телеграмм арналарының бірінде.
Қазіргі таңда, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды”-делінген хабарламада.