11 жастағы бала қайнаған суға толы коммуналдық құдыққа құлап, күйік шалды

117

Оқиға, Ақтау қаласында көпқабатты үйдің ауласында орын алған. Жасөспірімнің денесін 30%-ын күйік шалып, жансақтау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген.

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының өкілдері баланың денесінің төменгі бөлігін күйік шалғанын мәлімдеді.

«2014 жылы туған баланың сан және балтыр бөліктері екінші және үшінші дәрежеде күйіп қалған. Денесінің 30 пайызы зақымданған. Күйіктің ауырлығына байланысты баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер тексеріп, күйік жарасына хирургиялық өңдеу жүргізді. Есін біледі, жүрек соғысы мен тыныс алуы қалыпты», – деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Елімізде ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынбақ
Келесі пост
Шетелде жойғыш ұшақтар ауылға бомба тастаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu