Ұлттық Банктің төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді деп хабарлады Ақорда
Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады;
жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды;
Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.