Шымкенттегі мұз сарайы мемлекетке қайтарылды 

352

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару саласында жұмысты жалғастыруда.

Қала прокуратурасының талап арызы бойынша Шымкент қаласындағы Спорт сарайы (қазіргі Мұзсарайы) мемлекетке қайтарылды деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

2017 жылы Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендіріліп, құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.

Сонымен қатар Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды.

Спорт сарайы оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын болып саналады.

Объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары бұзылған.

Сондай-ақ 5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды.

Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.

Алдыңғы пост
Үш жастағы қыз субұрқаққа түсіп қайтыс болды
Келесі пост
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu