Бүгін Сенат депутаттарының өңірлерге жұмыс сапарлары басталды

278

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына жұмыс сапарын жүрек орталығына барудан бастады. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі халыққа ең жоғары деңгейде кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін жетекші клиника.

Орталық Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Дархан Сүйгенбаев депутаттарды орталықтың жұмысымен таныстырды. Орталық 20 жылдан астам қызмет етеді, мұнда заманауи жоғары технологиялық жабдықтар қолданылады: компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу жүйелері, ангиография.

Орталықтың жоғары білікті дәрігерлері жүрек трансплантациясын қажет ететін науқастардың өмірін сақтап қалу үшін бірегей операциялар жасайды. Мәселен, бүгін өңірде алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды. Бұл Орталық үшін тарихи және өте маңызды оқиға, ол біздің отандық клиникалар ең ерекше және күрделі міндеттерді шеше алатынын көрсетеді.

Сенаторлармен кездесу барысында Орталық қызметкерлері отандық медицинаның әлеуеті бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безін трансплантациялауға мүмкіндік бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, дәрігерлер Қазақстандағы донорлардың тапшылығы медициналық трансплантацияларды дамытуға, адамдардың өмірін сақтап қалуға кедергі болып табылатынына назар аударды, өйткені бұл мәселені сындарлы және заңнамалық тұрғыдан шешу қажет.

Еуропа елдерінде трансплантацияның шамамен 90% – ы мәйіт донорынан алынады. Ал біздің елде донорлық бойынша статистика келесідей: донорлардың 95% – пациенттің туыстары, ал тек 5%-мәйіт донорлары

Өз кезегінде Айгүл Қапбарова «Донор тапшылығы мәселесі шешімін таппай келе жатқан проблема және алаңдататын жағдай. Бұл мәселелер Парламентте мұқият зерделенетін болады,- деп атап өтті.

Алдыңғы пост
Аутизммен ауыратын шымкенттік балалар Берлинде күміс пен қола жүлдеге ие болды
Келесі пост
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкенттегі «Қамқорлық» орталығына барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu