Қырғызстандық қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбектің анасына іс қозғалды

142

Қырғызстанда атышулы қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевтың анасына іс қозғалды. Оған қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастырды деген айып тағылып отыр. Сот Мая Әлиеваның үйінде өткен секілді. Өйткені, айыпталушы жүре алмайтын көрінеді.

Фото: видеодан алынды

Қазіргі уақытта, қылмыс серкесіне тиесілі болған 13 жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 4 қазанда МҰҚК (Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті) қызметкерлері заңдағы ұры әрі әлемдегі ең ірі есірткі барондарының бірі Қамшыбек Асанбекті атып өлтірді. Ресми нұсқа бойынша, қылмыс әлемінің серкесі қару қолданып қарсыласқан соң, атуға тура келген.

Айта кетейік, арнайы операция қылмыстық істер шеңберінде кәсіпкерлердің мүлкін аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактілері бойынша өткен.

Алдыңғы пост
Мемлекетке 130 млн теңге шығын келтірген азамат қамауға алынды
Келесі пост
QR-код арқылы дәрі алғандар бар ма? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu