12 мыңнан астам адам мен техникалар пойызбен тасымалданды

93

Су тасқынынан зардап шеккен 12 мыңға жуық әскери қызметші, еріктілер мен құтқарушылар ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 8,9 мың жолаушы су басу аймақтарынан жолаушылар вагондарымен шығарылды.
Сонымен қатар, 540 бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне жеткізілді. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, Ұлттық ұланның 2,6 мыңнан астам жеке құрамы тасымалданды. Төтенше жағдайды жою үшін мың ауыр техника, 1500  тонна кесек тас, 5600 тонна қиыршық тас жеткізілді. Бұдан бөлек, 45 шаюға қарсы және 47 өрт сөндіру пойыздары құрылды.
ҚТЖ арнайы пойыздарымен 9,9 мың текше метрден астам еріген су сорылды. Табиғи апатпен күресу үшін 23 мыңнан астам теміржолшы, 930 волонтер-теміржолшы жұмылдырылды. 2,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 2 млрд.теңге бөлді.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ табиғи апат кезінде 100 мыңға жуық адамның қауіпсіз жерге көшірілген.

Алдыңғы пост
Демалыс күндері жауын-шашынды болмақ
Келесі пост
ҰҚК құны 5 миллиардқа тең есірткі тәркіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu