12 жастағы жас ана: Сәбидің әкесі психиатриялық ауруханада жатыр

160

Павлодар да 12 жастағы жасөспірім босанған болатын. Осыған қарамастан, жас ана мектептегі оқуын жалғастырады. Бұл туралы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова мәлімдеді.

Ал, баланың әкесі психиатриялық ауруханада жатыр. Ол, кәмелет жасына толмаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Зорлау фактісі үйде болған дейді мамандар.

“Зорлау әрекеті 2023 жылдың қазан айында болған. Күдікті қазір психиатриялық ауруханада жатыр. Оған қатысты белгілі бір сараптама жүргізіліп жатыр”, – деді Оспанова.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда 12 жастағы қыз ана атанған болатын. Ата-анасы 2019 жылы елімізге Моңғолиядан көшіп келген. Олар үлкен қызының жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мұғалімдерден білген. Қыз дереу дәрігерлердің бақылауымен аудандық ауруханаға орналастырылған. Нәтижесінде салмағы 3 360 келі дені сау қыз дүниеге келген еді.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен кездеседі
Келесі пост

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu