Шымкентте орта жастағы әйел есірткіні жалдамалы пәтерде сақтаған

208

Шымкенттік полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде есірткі заттарын жасырған 41 жастағы әйелді құрықтады. Сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайынан полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» екендігі нақтыланып, жалпы салмағы 101 грамды құраған.

Тергеу барысында күдіктінің есірткі затын ары қарай өткізу үшін жасырғаны белгілі болды.

«Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Отырар ежелгі қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Келесі пост
Өзінің бұрынғы жұмыс орнынан 6 млн теңге үптеп кеткен жас жігіт сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu