158
Астана және Алматы қалаларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойылды.
Сондай-ақ, күдікті ретінде еліміздің 8 азаматы ұсталды. Оларды тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.
«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден асады.