228
Желіде оннан астам полицейдің спорттық жаттығу жасап жатқан видеосы тарады. Сондай-ақ, олардың жанында азаматтық киімде тұрған ер адамды көруге болады. Бейнематериалға сүйенсек форма кигендерге кеудесін көтеру арқылы серпіліс жасатып жатқаны түсінікті.
Сурет: видеодан алынды
Бейнематериалдағы азаматты танығандардың бірі Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі деп топшылаған. Десе де, қазіргі таңда қызметтік тексеру жүргізілуде.
“Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі,”– делінген министрлік хабарламасында.