Шымкент әкімі қарттарды мерекемен құттықтады

Теги:
195

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов еліміз бен шаһардың дамуы жолында елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Қала басшысы алғашқы құттықтауын еңбек ардагері Райса Райымбекқызы Ахметованың шаңырағынан бастады. Ардагер ұстазбен әңгімелескен Мұрат Әйтенов мереке иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


Райса Райымбекқызы Шымкент қалалық комсомол комитетінің хатшысы боп бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін атқарған. Ұзақ жылдар халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» ордені мен «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» атағының иегері.

Құттықтау легі «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Гулужиган Байгаринаның отбасында жалғасты. Еңбек ардагерін мерейлі мерекемен құттықтаған қала басшысы Гулужиган Абдулажанқызына да зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына бақ пен береке тілеп, үйдің отағасы – Шәміл атаға шапан жапты.

Гулужиган Байгарина 1937 жылы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын тігін маманынан бастап, 1975-1987 жылдар аралығында «Восход» тігін бірлестігінің бас инженері, кейін бас директоры болады. Ал 1991 жылы «Восход» ААҚ ШФ Президенті болып тағайындалып, осы саланың дамуына зор үлес қосты. Ұзақ жылғы еңбегі ақталып, оған Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытқаны үшін «Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріледі.

Өз кезегінде ардагерлер де құрмет көрсетіп, кішілік ізетін жасаған шаһар басшысына алғысын жаудырып, қазақстандықтар үшін бейбіт те берекелі өмір тіледі.

Айта кетейік, Қазақстандағы ең қарт тұрғын Түркістан облысында тұрады. Ол – 121 жаста. Одан кейінгі қарт тұрғын – 120 жаста, Шымкент қаласында тұрады.

Алдыңғы пост
Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Келесі пост
Қарағандылық оқушы информатика пәнінен Еуропа Олимпиадасында 2-орын иеленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu