Балаңыздың мектептегі ыстық тамағын, мобильді қосымша арқылы бақылай аласыз

136

Енді мектеп асханаларында жеңілдікпен тамақтану үшін «Әлеуметтік әмиян» цифрлық ваучерін пайдалануға болады. Жобаны Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірлеген. Қазіргі таңда аталған қызмет түрі eGov Mobile мобильді қосымшасында пайда болды.

«Қазіргі уақытта тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында сынақтан сәтті өткен. Сондықтан, басқа да білім ұяларына біртіндеп қосылады.

Алдыңғы пост
Елдос Сметов жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтерге ие болды
Келесі пост

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu